Лента новостей
0

"Заңдар мен ережелер баршаға ортақ" – Кәрім Мәсімов ЖЖЕ бұзғанына қатысты пікір білдірді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.08.2016 17:42 Zakon.kz
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астана-Бурабай тас жолында веложаттығу кезінде жол берілген ЖЖЕ ресми бұзғаны үшін айыппұл төледі. Ол бұл туралы Instagram қосымшасы арқылы хабарлады.

Кəрім Мəсімов веложүру кезінде Жол ережесін бұзғаны үшін 10 605 теңге сомасында айыппұл төледі. Айыппұлға велосипедпен жүру тыйым салынған Астана-Бурабай автомагистралінде жасалған фотосурет себеп болды, деп жазады zakon.kz, pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Фотосурет Премьер-Министрдің Instagram əлеуметтік желісінде жарияланып, қазнет пайдаланушылары арасында кең талқылауға ие болды. Қазақстандықтардың К.Мəсімовтің салауатты өмір салты мен Премьер-Министрдің мемлекеттік қызметкердің заманауи имиджіне сəйкес болуға ынтасы жайлы жақсы пікірлерімен қатар заң бұзушылыққа жол берілгені туралы пікірлер де болды.

"Мəсімовке қатысты өтініш тіркелді. Енді жоғары лауазымды шенеунікті ЖЖЕ бұзғаны үшін əкімшілік жауапкершілікке тарта ма көреміз", – деп жазды «Азаматтық патруль» қозғалысының белсенділері.

Премьер-Министр əлеуметтік желілердегі талқылауды ескеріп, айыппұл төледі жəне осылайша Қазақстанда заң алдында бəрі тең екенін дәлелдеді.

Фото: pm.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: