Биыл ұрлық жасау қылмыстары артты
Кісі өлімінің саны - 11,9 пайызға, алаяқтық - 8,0 пайызға, тонау - 12,2%, бұзақылық - 38,7%, есірткі қылмыстары 9,9 пайызға азайды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.
Алайда, ұрлық қылмысының 7,3 пайызға (былтыр- 110 691; 2015 жылы - 103 150) өсуі байқалып отыр.
«2015 жылы қылмыстық қудалау органдары жаңа қылмыстық-процестік заңнама аясында қылмыстық істерді тергеп-тексерудің тәжірибесін жасады. Осы ретте биылғы жылы сотқа жіберу немесе ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату арқылы қылмыстық құқық бұзушылықты тергеп-тексеру 30 пайызға артық аяқталған», - деп атап өтілген ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінде.
Жоғарыда аталған мәліметтерді есепке алу аяқталған істердің қатарынан жүргізіледі.
Руслан Ғаббасов
Фото: sputnik-tj.com