Лента новостей
0

Экс-депутат Өндіргенов 4 жылға бас бостандығынан айрылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.08.2016 23:08 Zakon.kz
Процесс прокуроры Амангүл Жұмағалиева жарыссөзде бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсаған кәсіпкерді 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-депутат Өндіргеновтің ісі бойынша үкім шығарылды. Сот Өндіргеновті 4 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды BNews.kz.

Еске салайық, ақтөбелік экс-депутат Мейіржан Өндіргенов 9 қорғаушы жалдады. Ол 1 жылдан астам уақыттан бері қамауда отыр. Ербол Әділов өткен жылдың желтоқсанында ұсталған болатын. Іс материалдарына сүйенсек, айыпталушы М.Өндіргеновке ҚР Қылмыстық кодекстің «Бас бостандығынан заңсыз айыру», «Қорқытып алушылық», «Алаяқтық», Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)», «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» баптары бойынша айып тағылды.

Процесс прокуроры Амангүл Жұмағалиева жарыссөзде бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсаған кәсіпкерді 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айта кетейік, Ербол Әділов осы қылмыстық топтың мүшесі бола тұра, алаяқтық, яғни, қылмыстық топ болып, аса үлкен мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену қылмысын жасады деп айыпталды. Ербол Әділовке мемлекеттік айыптаушы 8 жыл сұрады.

Өндіргенов 4 жылға, Әділов 3 жылға жалпы режимдегі түрмеге қамалып, мүліктері тәркіленді.

Фото: today.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: