Лента новостей
0

2016 жылдың қыркүйегінде Қазақстан бойынша 380 мың бала 1 сыныпқа барады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.08.2016 18:51 Zakon.kz
2016 жылдың қыркүйегінде 380 265 бірінші сынып оқушылары қазақстандық мектептердің табалдырығын аттайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді.

Министрлік 2016-2017 оқу жылына арналған оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен уақытылы және толық қамтамасыз ету бойынша нақты іс-шараларды қолға алды. Қазіргі таңда оқулықтарды басып шығару және жеткізу жалғасуда, деп жазады zakon.kz, Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Ел аймақтарына оқу әдебиеті тамыздың 1 мен 16 аралығында жеткізіліп, тамыздың 25 дейін барлық мектептер оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Еліміздің мектептерінде жаңартылған мазмұнды біртіндеп енгізу үдерісінің басталуына байланысты 1-сыныпқа арналған жаңа оқулықтар әзірленді.

Бес баспаның шығарған оқулықтары («Алматыкітап баспасы» ЖШС – «Обучение грамоте», «Қазақ тілі» (орыс мектептеріне арналған), «Орыс тілі» (қазақ мектептеріне арналған), «Музыка»; «Атамұра» корпорациясы» ЖШС – «Сауат ашу», «Көркем еңбек»/«Художественный труд»; «Мектеп» – «Математика», «Жаратылыстану/»Естествознание», «Дүниетану»/»Познание мира» (жасаушы – НЗМ); «Бөбек» ҰҒПОСО – «Өзін өзі тану»/ «Самопознание», «Express Publishing» ЖШС – «Ағылшын тілі») республикалық сараптаманың барлық кезеңдерінен өтіп, білім мекемелеріне қолдануға рұқсат етілетін оқу әдебиеттері тізіміне қосылды. 1-сыныпқа арналған барлық оқулықтар ұйғыр, өзбек, тәжік тілдеріне аударылды (ұлттық мектептер үшін).

Фото: liter.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: