Павлодар облысының тұрғындары жылына 105 миллион жұмыртқа тұтынады
Павлодар облысының тұрғындары жылына 105 миллион жұмыртқа тұтынады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде болған аппараттық жиында кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Ардақ Досанов мәлім етті.
- Жем мен ветеринарлық дәрілердің қымбаттауына байланысты маусымның соңында облыста жұмырқаның бағасы 26 пайызға өсті. Жылына облыс тұрғындары 105,6 миллион жұмырқа тұтынады. Жарты жылдың ішінде облыста 60,9 миллион жұмырқа өндірілген. Өнімнің азаюы Шарбақты ауданындағы құс фабрикасында және Ертіс пен Железин ауданында орын алды. Қазіргі уақытта, «Шарбақты құс» ЖШС-де жеммен сұрақ шешіліп, алдағы уақытта фабрика тағы да қосымша балапан алады. Бұдан басқа, қыркүйекте «Павлодар құс» ЖШС 80 мың балапан сатып алып, алғашқы өнімді осы жылдың соңында шығаруды жоспарлап қойған, - деді Ардақ Досанов.
Облыс әкімі Болат Бақауов жұмырқаның бағасының өсуі арзандатылған жемнің берілмеуінен деп жауап қайтарды.
- Жыл басынан бері 80 миллион теңге көмекқаржы игерілмей тұр. Екі айдың ішінде арзандатылған жем ауыл шаруашылықтарына берілетін болсын, - деген талап қойды.
Назым Қарабаева
Фото: www.agrobook.ru
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->