Қазақстанда 26 мыннан астам сайт бұғатталды, олардың көпшілігі порногарфиялық бағыттағылар
Қазақстанда жылдың басынан бері 26 мыңнан аса сайт пен сілтеме бұғатталды, деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз хатшысы Арсен Бектасов. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары АА жазды.
"Жыл басынан бері уәкілеттің органның қызметкерлері, яғни ҚР АҚМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіндегілер 26 266 сайт пен сілтемеге шектеу қойған. Олардың ішінде терроризм мазмұнындағы 2384 сайт, порнографиялық 21 690 сайт, өзіне-өзі қол жұмсау мазмұнындағы 2192 топтың жұмысы тоқтатылды. Қалған шектеу қойылған топтардың қатарында ұлт арасындағы араздықты қоздыратын және онлайн казинолар бар", — деді ол.
Бектасовтың атап өтуінше, жақында кез келген адам Ақпарат және коммункация министрлігінің сайтында ҚР заңына қайшы келетін ақпараттарды таратын интернет ресурстар туралы хабарлай алады. Айта кетейік, онда заң бұзушылық деректер анықталатын болса, қажетті шаралар қолданылады.
Фото: newskaz.kz