Лента новостей
0

ОҚО-да «Ақ орамал» акциясы бастау алды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.08.2016 00:07 Zakon.kz
«Ақ орамал» акциясын өткізу арқылы қазақстандықтарды этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру.

Елбасының Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған «Ақ орамал» республикалық акциясы Оңтүстікте басталды, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақ елінің тарихында философиялық мағынасы терең «Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған. Яғни, әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы олардың жанжалды тоқтатуына себеп болған.

«Ақ орамал» акциясын өткізу арқылы қазақстандықтарды этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру.

Осы мақсатта акцияны ұйымдастырушылар Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесіп, облыстық №1 перинаталды орталығында болып, дүниеге нәресте әкелген жас аналарға ақ орамал жауып, сый-сияпат жасады. Дүние есігін жаңа ашқан сәбилер елдің елеулі азаматы болсын деп ақ батасын берді.

«Аналар шаңырақ шуағы» тақырыбында өткен игі шара Неке сарайында жалғасын тапты. Балқия Көмекбаева бастаған ардақты аналар Бәйдібек ауданынан келген Еламан Тұрарбек пен Гүлнаурыз Сейтбектің неке қию салтанатты рәсіміне қатысып, қалыңдыққа ақ орамал тарту етті. Жастарға орамалдың қасиеті жайлы айтып, инабатты келін, ақ жаулықты ана болуға тілектестігін білдірді. Өз кезегінде Гүлнаурыз қазақтың салтына сай орамалды басынан тастамайтын үлгілі келін болуға уәде берді.

Фото: BNews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: