Еліміздің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері ресей полигонында зымыранды іске қосады
Ресей Федерациясы Астрахан облысының Ашулук полигонында «Аспан кілті» зениттік зымыран әскерлері жауынгерлік есептоптарының далалық машығы бойынша байқау жалғасуда. ӘШҚҚ шеберлері үш кезеңді артқа тастады, деп жазады zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Оның қорытындысы бойынша командамыз үшінші орында, ал алда ең қызықты сәт. Қатысушылар зымырандардың жауынгерлік іске қосылуларын жүзеге асырып, нағыз әуе «шайқасына» түседі. Жуырда механик-жүргізушілердің жарысы аяқталды. Қазақстан, Ресей, Қытай және Белорусия елінің қатысушылары өздігінен жүретін шасси МАЗ-543 автомобилі базасында кезекпен-кезек шектелген жолмен жүргізіп кедергілер мен бөгеттерден мүдірмей өтті. Нормативтің тапсырмалары күрделі болды. Көп тонналы машинамен туннельдерге артқы жүріспен еніп, жыланша қозғалып тиеуді орындау керек болды. Сонымен қатар, барлық жаттығулар артық кідірістерсіз және белгіленген уақытта тыңғылықты нақтылықты қажет етті.
«Механик-жүргізушілерден үлкен назар, сақтық және машинаны кәсіби тұрғыда басқару талап етілді. Механик-жүргізушіміз 3-сыныпты сержант Алмас Жарылқасымов байқауда жақсы нәтижелер көрсетті. Ол үшінші орынды иеленді», - деп Әуе қорғанысы күштері ӘШҚҚ зениттік зымыран әскерлерінің бастығы полковник Темірболат Көшербаев атап өтті. Екінші кезеңде ӘШҚҚ шеберлері радиолокациялық көмескі жарықты ауыстырып, іске қосу құрылғыларын жорықтық қалыпқа келтірді. Жауынгерлік марш жасалғаннан кейін және позицияға келгеннен кейін С-300 зениттік зымыран жүйесінің элементтері конкурсанттармен топографиялық байлау және бағдарлаумен жорықтық қалыпқа келтірілді. Бұл сайыста қазақстандық команда екінші орын алды. Бұл ретте халықаралық төрешілер радиотехникалық батарея есептобының бастығы подполковник Ренат Киреевтің кәсіпқойлығын ерекше атап өтті.
Фото:www.mod.gov.kz