Түрікменстан Қазақстанмен арадағы шекараны жапты
Түрікменстан шекарадағы қауіпсіздік шараларын күшейтті. Осыған байланысты 4 мен 8 тамыз аралығында елге жеңілдетілген тәртіпте келетін шетел азаматтарына уақытша кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды BNews.kz.
Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес, Маңғыстау облысында тұратын Қазақстан азаматтарына Түрікменстанның Балқан уәлаяты аумағына визасыз кіруге және шығуға, 5 тәулік бойы сонда болуға рұқсат етілген, деп мәлімдеді Маңғыстау облысының мемлекттік кірістер департаментінен.
Қазақстан азаматтарының тұру орны жеке куәлікте (төлқұжат) қойылған тіркелу белгісі негізінде айқындалады.
Түрікменстанның ұлттық заңнамасына сәйкес, жеңілдетілген кіру мерзімі өткеннен кейін Қазақстан азаматтарын ел аумағында қалдыру белгіленген тәртіпте рәсімделген виза негізінде жүзеге асырылады.
Жеңілдетілген тәртіпке ие Қазақстан азаматтары халықаралық қатынас үшін белгіленген өткізу бекеттері арқылы Түрікменстан аумағына кіріп-шыға алады.
Қазіргі таңда қазақ-түрікмен шекарасында «Темір-баба» автокөлік өткізу бекеті мен «Болашақ» теміржол кеден бекеті орналасқан.
Фото: newskaz.ru