Ақмола облысында тегін дәрі-дәрмек уақытында жеткізілетін болады
Ақмола облысында биылдан бастап тегін берілетін дәрі-дәрмектер аймаққа дер кезінде жеткізілетін болады. Бұл туралы бүгін еліміздегі дәрілік препараттарды жеткізуші «СК Фармация» серіктестігінің өкілдері хабарлады, деп жазады 24.kz арнасы.
Естеріңізде болса, біз осыған дейін өңірде кейбір дәрілердің тапшы екенін айтқан болатынбыз. Әсіресе, қант диабетіне шалдыққан және қан қысымы жоғары науқастарға тегін берілетін препараттар аймақ дәріханаларына тым кешігіп жеткізілетін еді. Бұл арадағы делдалдарды жойып, тауар өндірушілермен тікелей әріптестіктің арқасында мүмкін болып отыр,- дейді компания мамандары. Оның үстіне фармацевтика саласында отандық зауыттардың үлесі қазір 75 пайызға жеткен. Оларға тендер барысында басымдылық беріледі. Бұл отандық өнімді қолдау, әрі дәрі-дәрмектің діттеген жерге жедел жетуіне мүмкіндік береді. Айта кеткен жөн, биыл Ақмола облысына дәрі-дәрмек жеткізу үшін ел қазынасынан бас-аяғы 6 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.
Әйгерім Смайылова, «СК Фармация» компаниясының баспасөз хатшысы:
- Мысалы, сіз біздің сайтқа кіріп, сол жерде анықтама бар. Сол желіде кез-келген дәрінің атауымен өзіңіздің өңіріңіздегі немесе басқа өңірдегі медициналық ұйымның атауын енгізіп, сол жерде қай дәрінің қанша қалдығы бар екенін көре аласыздар.
Фото: vremena.bg