Лента новостей
0

Қызылордада дәрігерлердің кінәсінен босанған әйел көз жұмды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.08.2016 16:16 Zakon.kz
Прокуратураның ұсынымы бойынша жас ананың өліміне кінәлі Сырдария аудандық ауруханасының қызметкерлері – дәрігер-хирург Зетов пен акушер-гинеколог Жаңабергенова жұмыстан қуылды.

Қызылорда облыстық медицина орталығында 26 жастағы келіншек көз жұмды. Жас ана босанғаннан кейін екі ай бойы ауыр халде жатқан, деп хабарлайды BNews.kz.

«Тәшімова Сырдария аудандық ауруханасына 17 маусымда түскен. Сол күні әйелдерді акушер-гинеколог Жаңабергенова мен акушер Қантаева босандырған. Дәрігерлердің салғырттығынан көп ұзамай Тәшімованың денсаулығы нашарлап кеткен. Содан бері ол Қызылорда медицина орталығында ауыр халде жатты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Ботакөз Сейіл.

Облыстық прокуратураның ақпаратынша, босанғаннан кейін әйелге 6 ота жасалған. Прокуратураның ұсынымы бойынша жас ананың өліміне кінәлі Сырдария аудандық ауруханасының қызметкерлері – дәрігер-хирург Зетов пен акушер-гинеколог Жаңабергенова жұмыстан қуылды. Ал аудандық аурухананың бас дәрігері Садықоваға қатаң сөгіс жарияланды. Алайда ақхалаттылар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

«Аталған факті Сырдария ауданы ішкі істер бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу облыстық прокуратураның арнайы прокурорларына тапсырылды», - деді Қызылорда облысының прокуроры Халидолла Дәуешов.

Фото: life.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: