Лента новостей
0

ҚР Қорғаныс министрі Армия халықаралық ойындары – 2016 сайысының жеңімпаздарын марапаттады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.08.2016 22:57 Zakon.kz
Қазақстанның әскери қызметшілері екі байқаудың абсолюттік жеңімпаздары атанды.

Бүгін, 9 тамызда Қазақстанның «Гвардейск» полигонында «Артиллериялық оқ ату шеберлері» мен «Мерген шебі» байқауларының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстанның жерінде алғаш рет өткен Армия халықаралық ойындары – 2016 халықаралық турнирлерінің жеңімпаздарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов құттықтады, деп жазады zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

«Біз «әскери рух» және «жауынгерлік бауырластық» сияқты қарапайым, бірақ, сыйымды ұғымдардың сана-сезімімізде күш пен мән-мағынаны шынайы нығайтатын тамаша және игі дәстүрдің куәсі болдық. Бұл аса маңызды. Осынау сайыстарды өткізе отырып, біз барлығына ең алдымен, бейбіт аспан асында татулық пен өркендеуде өмір сүруге деген ынтызарлығымызды дәлелдейміз. Осы баянсыз құндылықтар Армия халықаралық ойындарының идеясында және оның әрбір қатысушысының жүрегінің түкпірінде жатыр. Сондықтан әр елден келген достарымызбен қауышу, олармен бар білгеніміз және тәжірибе бөлісу, бірлік пен бауырластық рухын сезіну біз үшін үлкен абырой», - деп қорғаныс ведомствосының басшысы атап өтті.

Қазақстанның әскери қызметшілері екі байқаудың абсолюттік жеңімпаздары атанды. «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауында Ресей командасы екінші орынға жайғасты, Қытай командасы үшінші орынды, олардың артынан ілескен Қырғызстан және Венесуэла командалары болды. Бұл ретте «Үздік минаатқыш командирі» ретінде ҚХР-дың сержанты Чжай Чжитао марапатқа ие болса, Ресейдің аға матросы Ильдар Файзуллин «Үздік көздеуші» болып танылды, ал Қазақстанның сержанты Жанатаев Төлепбек «Үздік механик-жүргізуші» деген марапатқа ие болды.

«Мерген шебі» байқауында сәйкесінше Ресей және Беларусь екінші және үшінші орындарды еншіледі. Жеке есепте Беларусьтен келген прапорщик Вадим Ребковец үздік мерген, ал үздік мерген жұбы Ресейден келген аға сержант Андрей Мячин мен сержант Павел Петравичюс болып танылды. Үздік мерген мен артиллерияшылардың құрметіне бұл күні полигонда қазақстандық эстрада жұлдыздарының орындауында патриоттық композициялар шырқалды, әскери қызметшілердің флешмобы және көрсетпелі оқ атуы өтті. Тамыздың 2-і мен 9-ы аралығында Отарда алғаш рет Армия халықаралық ойындары шеңберінде артиллерияшылар мен мергендердің байқаулары өткенін естеріңізге сала кетейік. Бұл күндері 12 елдің командалары арасында ымырасыз бәсеке болды. 278 әскери қызметші дене күші мен төзімділік, кәсіпқойлық пен әскери шеберлік тұрғысында бақ сынасты. Бұл ретте сайыс күндізгі және түнгі жағдайларда өткізілді.

Алғаш рет түнгі уақытта қатысушылар қазақстандық өндірістің түнгі көру приборларын қолдана отырып, оқ атуларды орындады. Бұл байқаудың ерекшелігі алғаш рет сайыстың әрбір кезеңі шынайы уақыт режімінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында көрсетілді. Осылайша, барлық ниет білдіргендер АрМИ ойындарының өту барысын бақылап, командамызға жанкүйер болып, соңғы жаңалықтарды алғаш біле алды.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: