Лента новостей
0

Батыс Қазақстанда денесінің 75 пайызын күйік шалған науқас көз жұмды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.08.2016 23:44 Zakon.kz
59 жастағы тұрғынның денесінің 95 пайызы күйген. Қазір ол жансақтау бөлімінде арнайы аппараттың көмегімен тыныс алып жатыр.

Батыс Қазақстан обылысының Ақсай қаласындағы газ құю бекетінде өрт шығып, алапат жарылыс болған еді. Оқиға салдарынан екі ер адам зардап шекті, деп жазады 24.kz арнасы.

Өкінішке орай, олардың бірінің өмірін ажалдан арашалау мүмкін болмады. Денесінің 75 пайызын күйік шалған 58 жастағы тұрғын кеше кешкісін көз жұмды. Бөрлі аудандық орталық ауруханасының директоры Жұмабек Шайхиевтың айтуынша, осы жерде емделіп жатқан екінші науқастың да жағдайы өте ауыр.

59 жастағы тұрғынның денесінің 95 пайызы күйген. Қазір ол жансақтау бөлімінде арнайы аппараттың көмегімен тыныс алып жатыр. Науқасты облыс орталығына жеткізу мүмкін болмағандықтан, санавиациямен келген дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр,- дейді аурухана басшысы.

Талғат Серікқалиұлы

Фото: motorpuls.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: