Семей мен Риддерде есірткінің ірі партиялары тәркіленді
Семей қаласының полициясы жедел-іздестіру шаралары барысында синтетикалық есірткі заты - героинді сақтаған үш адамды ұстады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.
Сәтті өткізілген операция нәтижесінде, полиция есірткінің ірі партиясы - 265 грамм героинді заңсыз айналымнан алынды.
Қазір күдіктілер - 47 және 45 жастағы ер адамдар мен 55 жастағы әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды және қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың үшеуі де Семей қаласында тұрады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Риддер қаласында да есірткінің аса ірі партиясы заңсыз айналымнан шығарылды. 24 жастағы жергілікті тұрғынның пәтерінен салмағы 6 келі болатын 3 пакет марихуана табылған.
Аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтағаны үшін жас жігіт қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Фото: www.bbc.com