Лента новостей
0

ШҚО-да Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен жауынгер қайта жерленді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.08.2016 21:47 Zakon.kz
Хабарсыз кеткен жауынгердің топырағын туған елге әкелуге ҚР Мәдениет және спорт, қорғаныс министрліктері және Семей қаласының әкімдігі үлкен қолғабыс жасаған.

Шығыс Қазақстан облысы Абыралы өңірі Қайнар ауылының Ескерткіштер алаңында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен жауынгер Омар Рақымбаевты қайта жерлеу рәсіміне арналған митинг өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Хабарсыз кеткен жауынгердің топырағын туған елге әкелуге ҚР Мәдениет және спорт, қорғаныс министрліктері және Семей қаласының әкімдігі үлкен қолғабыс жасаған.

Іс-шараға Семей қаласы әкімдігінің қызметкерлері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қайнар ауылының тұрғыны Нұрқасым Әжітаев, ақын, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының кеңесшісі, Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма хатшысы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып, Марқұм О. Рақымбаевтың туысы, Абай ауданының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Кемерғазы Оспанов, Семей қаласы мәслихатының депутаты Нұрғазы Қайырбеков қатысты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Омар Рақымбаев 1902 жылы Абралы жерінде дүниеге келген. Фашистік Германия Кеңес одағына қарсы соғыс бастағанда елін, жерін қорғау үшін 39 жастағы азамат соғысқа аттанды.

1942 жылы 186-шы бастапқы соққы беретін атқыштар девизиясында болған Омар Рахымбаев Кестеньг шабуылдау операциясына қатысты. Бұл жылы кеңес әскері әлсіз еді, Кестеньг шабуылдау операциясы сәтсіз аяқталды. Көптеген солдаттар жат жерде жан тапсырып, Корелья жерінде бауырластар қабіріне жерленді.

Міне 73 жыл өткен соң хабарсыз кеткен жауынгер Рахымбаев Омардың топырағы туған жеріне оралды.

Фото: BNews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: