Лента новостей
0

Алматыда ең ірі жылыжай жуырда қолданысқа беріледі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.08.2016 23:25 Zakon.kz
Жылыжайдан жыл сайын 7 мың тонна қияр мен қызанақ өндірілетін болады. Аумағы 12 гектар болатын нысан 2016 жылдың қыркүйек айында қолданысқа беріледі.

Алматыда Индустриалды аймақ аумағындағы алғашқы жоба жуырда іске қосылады. Еліміздегі аумағы 12 гектарды құрайтын ең ірі жылыжай қыркүйек айында қолданысқа берілмек. Алғашқы егін қыста өсірілетін болады, деп жазады Алматы телеарнасы.

Бұл жылыжайдың құрылысы бір жыл бойы жүргізілген. Ол еліміздегі ең ірі кешен болумен қатар, әмбебап орынның бірі. Жылыжайды жобалауға еуропалық мамандар тартылған. Мұндағы барлық технология мен құрал-жабдықтың бөлшектері Голландиядан әкелініпті. Алғашқы егін осы қыста жиналмақ. Мамандардың сөзінше, мұнда өсірілетін көкөністер табиғи өнімнен еш кем түспейді.

Қазақстан бойынша бұл жылыжайға тең келетін осындай үлкен ауқымды жылыжай жоқ,- деп есептеймін. Бірен-сараны бар бірақ ауқымы мұндай кең емес. Бұның ішіндегі барлық технология ең соңғы кейінгі үлгілерге сайланған. Ішінің барлығына керекті көмірқышқыл газ да, кәдімгі өзінің ішіне берілетін суы да, ішіндегі температура да соның барлығы автоматтандырылған,- деді «BRB APK» ЖШС директорының орынбасары, Шәкен Бөлекбаев.

Жылыжайдан жыл сайын 7 мың тонна қияр мен қызанақ өндірілетін болады. Аумағы 12 гектар болатын нысан 2016 жылдың қыркүйек айында қолданысқа беріледі. Жылыжай ашылса, өнімдер 20 пайызға арзандайды, қосымша 200-ге жуық жұмыс орны құралады. Алдағы уақытта, кешенде өндірілетін өнім тек Қазақстан төңірегінде ғана емес, шетелге де экспортталмақ.

Сыртқы мемлекеттерге де жөнелтуге болады. Өйткені бұл күнделікті шығатын өнімнің, азық-түлік аз мөлшерде болмайды ол әрине. Бір жылда 7 мың тонна болғаннан кейін ерте піскені осы жерге жіберіледі. Кейінгі стандартына қарай шет мемлекеттеріне де, мына Ресейге сол жақтарға жөнелтуге болады,-деді «BRB APK» ЖШС директорының орынбасары, Шәкен Бөлекбаев.

Кешен орналасқан Индустриалды аймақта барлық коммуникация тартылған. Қаржылай көмекті Қазагрофинанс көрсетіпті. Осы мақсатта, 4 миллиард теңге несие бөлген. Осылайша, кәсіпкерлерді қолдаудың арқасында Алматыда осы жылы тағы бір жоба іске қосылады. Ал келер жылы жоспар бойынша құны 63 миллиард теңгені құрайтын 9 компания жобасын аяқтап, 1500 жаңа жұмыс орнын ашпақ ниетте. Бұл бастама сырттан тонналап тасымалданатын тауарларға шектеу қояды. Оған қоса, қала басшылығы мемлекеттік сатып алуда қазақстандық құрам үлесін арттыруда. Оның ішінде, денсаулық сақтау, білім беру, құрылыс, энергетика, коммуналдық және ауыл шаруашылық және «Айти» технология салалары бар. Бүгінгі күні, кәсіпорын 60 миллион теңгелік тапсырманы қамтып отыр. Жарты жылда қазақстандық құрам үлесі өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артқан.

Перизат Көмекбайқызы, Айерке Ермек, Валерий Таубалдиев

Фото: irrigation.com.ua

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: