ҚР ҚК-нің әскерилері «Өзара іс-қимыл–2016» оқу-жаттығуында далалық лагерь өрістетілді
Қазақстанның әскери қызметшілері «Өзара іс-қимыл – 2016» ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы жедел ден қою ұжымдық күштерінің әскери контингенттерімен командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысу үшін Ресей Федерациясының Псков облысына келді, деп жазады zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Осы жылдың әскери маневрлері тамыздың 14-і мен 19-ы аралығында Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Әуе-десанттық әскерлерінің «Струги Красные» 714-ші полигонында өтеді. Оқу-жаттығуды өткізу ауданында оған қатысатын әскери контингенттерге арналған далалық лагерь өрістетілді. Тұрмыс пен тыныс-тіршілікке қажетті барлық жағдай жасалған. Әскери маневрлерге Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери қызметшілері қатысады. Оқу-жаттығуды бірнеше кезеңде өткізу жоспарлануда. Алғашқы дайындық кезеңі аясында ҰҚШҰ ҰЖДК-ның қолбасшылығымен жедел жиын өткізілетін болады.
Екінші кезең барысында шешім қабылдау және бірлескен операцияны жоспарлау, өзара іс-қимылды, жан-жақты қамтамасыз ету және басқару, арналуы бойынша тапсырмаларды орындауға ҰЖДК контингенттерін тікелей дайындау мәселелерін пысықтауға тура келеді. Соңғы үшінші кезеңде қарулы жанжал аудандарын оқшаулау және заңсыз қарулы құралымдарды жою жөніндегі тапсырмаларды шешу кезінде ҰЖДК контингенттерін басқару мәселелері пысықталады.
Фото:www.mod.gov.kz