Қарағанды облысында 1,5 мың га дәнді дақыл жиналды
2016 жылы Қарағанды облысында 734,3 мың га аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. 16 тамыздағы жағдай бойынша өңір аумағында 1,5 мың га егіс алқабы жиналып, 1,2 мың тонна астық бастырылды, деп жазады zakon.kz, Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК болжамдарына сәйкес Орталық Қазақстандағы ауа райы жаппай егін жинауды тамыз айының соңында-қыркүйек айының басында бастауға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2016 жылдың күзгі дала жұмыстарына 9 мың тонна арзандатылған жанармай бөлінді.
ҚР АШМ мәліметінше, жалпылай алғанда, республика бойынша 16 тамызға 861 мың га жиналып, орташа егіс өнімділігі 21,2 ц/га құраған, ал бастырылған егін 1 827,0 мың тонна.
Фото: turkystan.kz