Павлодар облысында жұмысшының тамағын шарқайрақпен тіліп кетті
Баянауыл ауданының бір мектебінде 46 жастағы ер адам шарқайрақпен жұмыс істеп жатқан кезде тамағына дискі тиіп, тіліп өткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Зардап шеккен адамның әріптесінің айтуынша, 12 тамыз күні ер азамат электр жүйесін өткізумен айналысып, 15 сантиметрлік темір арқауды кескен. Осы уақытта тағы төрт адам оның қасында қабырғаны ақтап тұрған.
- Барлығы күтпеген жағдайда болды. Бес минуттың ішінде әріптесіміз көз алдымызда мерт болды. Оқиға таңертеңгі сағат онның шамасында орын алды. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанбыз. Ол осы мектепте жұмысшы ретінде және қосымша фирмада да еңбек еткен, - деді әріптесі.
Айта кетерлігі, мектеп ұжымы қаза болған жұмысшыны жерлеуге 90 мың теңге жинады. Ал, ЖШС әлеуметтік көмек ретінде 150 мың теңге қаражат бөлген. Ер азаматтың денесі өзінің туған жері Қарағанды облысы Семізбұға ауылында жердің қойнауына тапсырылды. Оның артынан төрт баласы қалды.
Фариза Қазыбекқызы
Фото: Рavlodarnews.kz