Лента новостей
0

Балқашта әкімдік пен ХҚКО-ға бомба «қойған» әйел ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.08.2016 18:53 Zakon.kz
Жалған ақпар таратты деген күдікпен экстремизммен күрес бөлімінің қызметкерлері 39 жастағы әйелді ұстады. Күдікті кінәсін мойындап отыр.

Балқашта «102» нөміріне хабарласқан әйел ХҚКО мен әкімдік ғимараттарына жарылғыш қойылғанын айтқан. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров мәлімдеді.

«102 нөміріне бір әйел қоңырау шалып, әкімдік пен ХҚКО-ға жарылғыш қойылғанын хабарлады. Шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына аттанды. Ғимараттардан 100-ге тарта адам эвакуацияланды. Алайда ештеңе табылған жоқ», - дейді Б.Құдияров.

Жалған ақпар таратты деген күдікпен экстремизммен күрес бөлімінің қызметкерлері 39 жастағы әйелді ұстады. Күдікті кінәсін мойындап отыр.

«Аталған фактіге қатысты материал ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Бұл баптың санкциясы алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Қазір әйел уақытша ұстау абақтысында жатыр», - деп мәлімдеді полициядан.

Фото: news.rambler.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: