Лента новостей
0

Қазақстанда отбасы денсаулығын сақтау бойынша шаралар кешені жүзеге асырылады – ҚР ДСӘДМ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.08.2016 23:59 Zakon.kz
Қоғамдық тыңдау барысында ана мен баланы қорғау бойынша қарастырылатын кешенді шаралар, мектептегі медицина, гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР ДСӘДМ ҚР-дағы 2030 жылға дейінгі гендерлік және отбасылық саясат бойынша тұжырымдаманың жобасын жасап жатыр. Соған байланысты министрлік отбасын құруды жоспарлау мен азаматтардың репродуктивті денсаулығын қорғау мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өткізуде. Бұл туралы zakon.kz, Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғамдық тыңдау барысында ана мен баланы қорғау бойынша қарастырылатын кешенді шаралар, мектептегі медицина, гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері талқыланды.

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова айтып өткендей, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында ана мен бала денсаулығын қорғауға негізделген бірқатар шаралар қарастырылған.

«Отбасы денсаулығын қорғау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылмақ. Бұл – отбасын жоспарлау, аурулардың алдын алу, әйелдер мен ерлер, балалардың созылмалы ауруларын емдеу мен оңалту, андрологиялық қызметтерді ұйымдастыруды жетілдіру, ерлердің репродуктивті жүйе ауруларын заманауи емдеу мен профилактикасының тиімділігін арттыру шаралары», - деді С. Жақыпова.

Сонымен қатар, вице-министр жастар арасындағы салауатты өмір салтын құруға зор көңіл бөліну керектігін атап айтты.

Азаматтардың репродуктивті денсаулығын қорғау бойынша шаралар туралы ҚР ДСӘДМ Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры Ләззат Ақтаева мәлімдеді. Балалар арасындағы аурулардың алдын алу мақсатында мектептегі медицинаны дамыту мәселелері ҚР ДСӘДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Эльмира Ахметованың баяндамасында талқыланды.

Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша ұсынымдар жасалып, тиісті тапсырмалар берілді.

Фото: astana.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: