Лента новостей
0

ҚР ИДМ Көлік комитетінде 2,1 млрд теңгенің заңсыздықтары анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.08.2016 18:36 Zakon.kz
А. Горяиновтің сөзі бойынша, «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ-ның шығындары 9 млрд теңгеге артқан.

Есеп комитеті ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінен 2,1 млрд теңгенің заңсыздықтарын анықтады. Бұл туралы бүгін Есеп комитетінің мүшесі Александр Горяинов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлк комитетіне бөлінген республикалық бюджеттің қаражаттарының жұмсалуына аудит жүргізу барысында 2,1 млрд теңгенің заңсыздықтары анықталды», - деп атап өтті ол.

Оның сөзі бойынша, көлік комитеті ҚР ИДМ стратегиялық жоспарындағы бірқатар шараларының сапалы және уақытылы атқарылуын қамтамасыз етпеген.

«Мысалы, Шүлбі шлюзінің құрылысы 2015 жылы аяқталуы тиіс болған. Ол қазіргі уақытқа дейін пайдалануға берілмеді, құрылыс жұмыстары тек 80 пайызға атқарылған», - деді Горяинов.

А. Горяиновтің сөзі бойынша, «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ-ның шығындары 9 млрд теңгеге артқан. Оның үстіне 2016 жылдың алты айында компанияның шығыны 4 млрд теңгеге жетіп отыр.

Сонымен қатар Алматы метросын ұзартуға бөлінген 519 млн теңге қаражат басқа нысанның 2004 жылғы қарызын жабуға жұмсалған. 2015 жылы метроны ұзартуға қатысты құрылыс жұмыстары Алматы қаласының 437 млн бюджеттік қаражаты тартылмаған. Сонымен қатар Орал өзенінің түбін батып кеткен қайықтардан тазарту жұмстары да сапасыз жасалған.

Жасұлан Жолдыбаев

Фото: inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: