Лента новостей
0

Түлкібаста қуаттылығы 4,2 мвт болатын су электр стансасы салынбақ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.07.2016 23:00 Zakon.kz
Зерттеулер қорытындысы бойынша шағын гидроэлектростанция құрылысы үшін ең қолайлы өзендер және локациялар іріктеліп, жобаны жүзеге асыру мақсатында инвестиция тарту бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Оңтүстік Қазақстан облысында гидроэнергетика саласын дамытуға және энергия тапшылығын төмендетуге бағытталған жаңартылатын және баламалы энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ, ОҚО өзендерінің гидроэнергетикалық әлеуетін анықтау мақсатында гидроэнергетикалық өнеркәсіп сарапшыларының қатысуымен маркетингтік зерттеулер жүргізілді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Нәтижесінде, облыстағы 20 өзенде 43 әлеуетті нүктеден жалпы сыйымдылығы 119,84 мВт құрайтын энергия көзі анықталды. Зерттеулер қорытындысы бойынша шағын гидроэлектростанция құрылысы үшін ең қолайлы өзендер және локациялар іріктеліп, жобаны жүзеге асыру мақсатында инвестиция тарту бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Осы жұмыстардың арқасында «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ мен Түркиялық «Endustriel Elektrik Elektronik San. Ve Tic. Ltd» компаниясы арасында инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандумға сәйкес, Түлкібас ауданындағы Машат өзені бойында жалпы қуаттылығы 4,2 мВт құрайтын шағын гидроэлектростанция құрылысын жүзеге асыру келісіміне қол жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша жобаның құны $ 6,3 млн. АҚШ долларын құрайды.

Қазіргі уақытта, Түлкібас ауданы айына 15 мВт электр энергиясын тұтынады. Жоба іске қосылған соң, жаңа электр станциясы аудан қажеттілігінің үштен бірін қамтитын болады.

Сонымен қатар, «Баламалы энергия көздерін пайдалануды қолдау және есеп айырысу бойынша қаржылық орталығы» ЖШС-і жобаның құрылысы аяқталғаннан кейін электр энергиясын ұзақ мерзімге сатып алуды қамтамасыз етуге келісім берді.

Аталған жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, инвестор басқа да қолайлы локацияларда гидроэлектростанциялар құрылысын жүргізу үшін түркиялық «Эксим Банктен» қосымша инвестиция тартуды жоспарлап отыр.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: