Лента новостей
0

Шардаралық шаруалар гектарына 85 тонна жуа өнімін алуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.07.2016 21:47 Zakon.kz
Аудан басшыларының ұйымдастыруымен ауылдан арнайы бекет ашылып, жергілікті тұрғындарға әр келісі 50 теңгеден жаңа пияз өнімдері таратылуда.

Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылы соңғы бірнеше жылдың көлемінде бітік өскен жуасымен жұртқа танылып келеді. Голландиялық тәсілмен егетін пияз алқабындағы басты ерекшелік ондағы қол күшінің барлығы техника түрімен алмастырылған. Осылайша шаруалар арам шөпті отау, пиязды қолмен жегене жасау сияқты машақаттардан біржола құтылған. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сейдулла Доматовтың иелігіндегі «Тұрар» шаруа қожалығы биылғы жылы 30 гектар жерге пияз тұқымын сеуіп, қазіргі таңда өнімді жинаумен айналысып жатыр. Диқандардың көңілдері көтеріңкі, себебі гектар түсімі 850 центнерден айналып отыр. Яғни, әр гектардан 85 тоннадан пияз өнімін алу деген өте жоғарғы көрсеткіш. Жаушықұмның жуасы қазіргі таңда Астана, Ақтөбе, Алматы қалаларына тасымалданып, саудаға шығарылып жатыр.

Ал, аудан басшыларының ұйымдастыруымен ауылдан арнайы бекет ашылып, жергілікті тұрғындарға әр келісі 50 теңгеден жаңа пияз өнімдері таратылуда. Базарда пияздың бағасы 80 теңгеден екенін ескерсек, арнайы бекеттегі арзан баға халықтың қалтасына жеңіл тиіп жатқаны сөзсіз.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: