Лента новостей
0

ОҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1000-нан астам пәтер салынбақшы

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.08.2016 20:35 Zakon.kz
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша тұрғын үйдің мемлекеттік бағдарламалары аясында жалпы аумағы 256,6 мың ш.м. құрайтын 3 227 пәтерлі 126 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов пен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы А.Жұмағұлов 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл туралы , ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«2016 жылы тек қана Шымкент қаласында емес, сонымен қатар, Түркістан, Кентау қалаларында және Мақтарал ауданында халықтың тығыз орналасуына байланысты, көпқабатты кредиттік тұрғын үйлерді салу жоспарланып отыр. Осы жылдарда көптеген нәтижелерге қол жеткіздік. Қаншама тұрғындар, соның ішінде көптеген жастар баспанаға ие болды», - деді аймақ басшысы.

ОҚО-дағы осы кредиттік тұрғын үй құрылысына жергілікті атқарушы органдар желісімен Ұлттық қордан 4,4 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 558 пәтерлі 11 үй салынатын болады. Тұрғын үйдің жалпы аумағы 31,5 мың ш.м. құрайды. Банк салымшыларына тұрғын үйдің 1 ш.м. 140 000 теңгемен өткізіледі.

Өз кезегінде, «Байтерек девелопмент» АҚ желісі бойынша жалпы аумағы 25 мың ш.м. асатын 432 пәтерлі 6 үй тұрғызылып, 1 ш.м. үшін 180 мың теңгемен берілетін болады.

«Өздеріңізге белгілі, жыл басында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің тиімділігін ескере келіп, кредиттік тұрғын үй құрылысына 149 млрд. теңге бөлуді тапсырған еді. Қазіргі таңда қаражат өңірлер бойынша бөлініп жатыр. Тұрғызылған үйлерді өз салымшыларымызға өткізе отырып, біз қаражаттың әр екі жыл сайын айналымдылығын қамтамасыз етеміз», - деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Басқармасының Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

Сондай-ақ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Шымкент сити» жобасын жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Қазіргі уақытта осы ауқымды құрылыстың салынатын аумағы анықталып, жергілікті билік барлық қажетті инженерлік коммуникацияларды қарастырып жатыр. Банк «Өз үйім» жекеменшік кризиске қарсы бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлерді өткізуге ниетті. Жиында банк жетекшілігі «Өз үйім» бағдарламасы бойынша Шымкент қаласының әкімдігімен де ынтымақтастық меморандумын түзді.

Айта кетейік, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Оңтүстік-Қазақстан облысындағы филиалы 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша тұрғын үйдің мемлекеттік бағдарламалары аясында жалпы аумағы 256,6 мың ш.м. құрайтын 3 227 пәтерлі 126 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша 216 пәтерлі 2 үй жалға беріледі.

Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 34 мыңнан астам, соның ішінде Шымкент қаласында 20 мыңнан астам азамат мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде тұр.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: