Лента новостей
0

Алматыда өзен суының түсі өзгеруіне қатысты құзырлы орган зерттеу жұмысын қолға алды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.08.2016 22:39 Zakon.kz
Еске сала кетелік, бұл шағын өзен суының қызғылт түске боялғаны 19 тамыз күні белгілі болды.

Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің қызметкерлері Түркісіб ауданында қызғылт түске боялған өзеннің суын сараптамадан өткізіп жатыр. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы бойынша Экология департаменті зертханалық бөлімінің бастығы Айтқұл Халелов хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«Біз су сынамасын тексеруге алдық. Нәтижесі бір аптадан соң белгілі болады. Біз өткен сенбі күні өзенге келгенде судың түсі қайтадан қалыпты жағдайда болды. Судың қызғылт түске боялуы сараптама нәтижесі шыққан соң белгілі болады. Қазір, нақты ештеңе айта алмаймыз», - деді маман.

Еске сала кетелік, бұл шағын өзен суының қызғылт түске боялғаны 19 тамыз күні белгілі болды. Бұл туралы «Балычок» балық аулау клубының белсендісі Евгений Сляднев хабарлаған еді.

«Кәдімгідей қызыл су ағып жатыр. Мұны бүгін кешке 18:30-да Майлин мен Гете көшелерінің аралығында байқадық. Бұл Түркісіб ауданы», - деп жазған болатын Евгений Сляднев.

Фото: www.epochtimes.com

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: