ҚР Премьер-Министрі Тараз әуежайының жұмысын тексерді
Премьер-Министрге терроризмге қарсы қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін арнайы техниканы – күту залында және тіркеу бөлімінде жолаушыларды тексеретін аппаратты, сондай-ақ ұшып келу залында жолаушыларды заманауи жүйе арқылы тексеретін құрылғымен таныстырды. Бұл туралы zakon.kz, Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
Өткен жылы жолаушылар терминалында жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін «Әулие-Ата» халықаралық әуежайы жоғарғы техникалық мүмкіндіктері бар замануи әуе айлағына айналды. Биыл мұнда әлемдегі ең үлкен ұшақтардың бірі, «Волга-Днепр» авиакомпаниясының – АН 124-100 ұшағын күтіп алып, қызмет көрсеткен. Ірі халықаралық жүк тасымалдаушылар Еуропа, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен әуе жолдары жақын тораптардың бірі саналатын әуежайларға белсенді қызығушылықтарын білдіреді.
Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке «Әулие-Ата Халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Д.Қамзин әуежай базасында стратегиялық хаб құру және даму жоспары туралы мәлімдеді. Ұшақ санын арттыру мәселесін жетекші жолаушы және жүк авиакомпанияларын жанармай құюмен бірге техникалық қондырудың, сондай-ақ Атырауға, Ақтауға, Жаңасібірге, Ыстамбұлға, Анталияға субсидияланатын жаңа бағыттарын ашудың арқасында қамтамасыз етпек.
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында Жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндеттерінің бірі – қазіргі заманғы теміржол, автомобиль және өңіраралық әуе жолдарын дамыту. Қазіргі заманғы әуежай өңірдің инфрақұрылымын дамытуға, туристер ағымын ұлғайтуға, сыртқы экономикалық қызметті кеңейтуге жәрдемдеседі.
Анықтама үшін:
«Әулие-Ата» халықаралық әуежайы 2000 жылы құрылған. Жолаушыларды өткізу терминалы сағатына 200 жолаушыны өткізуге қабілетті.
«Әулие-Ата» халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы жөндеуден өткеннен кейін ұзындығы 3,5 км, ені 60 м құрайды. Сондай-ақ, замануи ұшақтың кез-келгенін түрін, Boeing, Airbus ауыр әуе кемелерін және тікұшақтардың кез-келген түрін қабылдауға қабілетті.
Фото: www.inform.kz