ОҚО-да «Жайлаукөл» демалыс аумағының салтанатты ашылуы өтті
Шымкент қаласындағы «Жайлаукөл» демалыс аумағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл мерекелік шараға өңір басшысы Б.Атамқұлов пен қала әкімі Ғ.Әбдірахымов қатысып, салтанатты жиынды ашып берді, деп жазады zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Басшылар жаңа ойын-сауық орталығының ашылуына байланысты қала тұрғындарын құттықтады. Демалыс аумағында барлық жастағы зияратшылар үшін 20 атракцион және 50 метрлік айналмалы дөңгелек орналасқан. Келешек қаланың аймағында орналасқан «Shymkent City» саяғбағы көркейіп, қаланың шырайына айналды.
Сонымен қатар, бұл аумақта көңілді көтеріңкі өткізу және спорттық шаралар ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған. Демалыс аймағында орналасқан айналмалы дөңгелек Орта Азияда ең үлкені болып саналады.
Осылайша, қала тұрғындары мен қонақтары Шымкенттің көрікті жерлерін тамашалап қана қоймай, жақындарымен серуендеп, көңіл көтерулеріне мүмкіндік туып отыр.
Мұнда 4 ротондамен қатар, қайық стансасы мен көлік тұрағы қарастырылған. Шымкенттегі бұл этнотарихи кешен миллионға жуық тұрғыны бар шаһар халқы мен қонақтардың сүйікті демалыс орнына айналып келеді.
Жалпы өткен жылы облыста 8 ауылдық мәдениет үйі ашылса, биыл өңірде 13 жаңа мәдени нысанның құрылысы жүруде, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
Фото: ontustik.gov.kz