Павлодар облысында бастауыш сынып ұстаздары жеткіліксіз
Павлодар облысында бастауыш сынып ұстаздары жеткіліксіз, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы бүгін облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясында басқарма басшысы Бақыт Бексейітова мәлім етті.
- Облысымызда бастауыш сынып мұғалімдері тапшы. Жыл сайын колледждерге мемлекеттік тапсырыс жасалып, 140 студент тегін білім алады. Биыл аталмыш мамандық бойынша арнайы орта оқу орындарын 158 түлек бітірсе, жоо-да 18 студент диплом алды. Десе де, барлығын жолдамамен жұмысқа жіберсек те, әлі де 70 ұстаз жетіспей тұр. Ұстаздардың басым бөлігі Павлодар қаласында қажет, - деді Бақыт Бексейітова. Ведомство басшысының айтуынша, бұл мәселені шешу үшін, аудан әкімдерінің грантын осы мамандыққа көптеп бөлуді қолға алу керек.
Назым Қарабаева
Фото: Рavlodarnews.kz