Мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына шағымдану мен өтініш берудің тәртібі
Мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына өтініш берген кезде қорғаушының (адвокаттың) заң көмегіне жүгіну қажет;
Өтiнiшті қойылған мәселенi шешетін мемлекеттік немесе құқық қорғау органына жазу керек;
Шағымды жазған кезде iс-әрекетiне шағым жасап отырған мемлекеттік немесе құқық қорғау органы басшысының лауазымы, аты-жөнi мен өтініштің түрі (ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу) көрсетiлу қажет;
Сіздің өтініштегі уәждеріңіз, талаптарыңыз нақты, негізделген және нөмірленген тәртіппен көрсетілу қажет;
Өтiнiште аты-жөніңіз, жеке сәйкестендіру нөмір (ЖСН), пошталық мекен-жай, заңды тұлғаның толық атауы, пошталық мекен-жайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірді көрсетіп, міндетті түрде қол қоюды ұмытпаңыз;
Мемлекеттік мекемеге жазбаша өтiнiш жасаған кезде Сізге талон берiлу қажет, талонда көрсетілген нөмір бойынша «https://service.pravstat.kz/» интернет сайтында құқық қорғау органдарымен қылмыс туралы өтінішіңіздің тіркелгені және оның қарау нәтижесі жөнінде біле аласыз;
Өтінішті қарау құзыретін сақтамай жолдаған жағдайда, өтінішіңіз 3-күннің ішінде қарауға уәкілетті органдарға жолданады;
Сізге заң талаптарын түсіндірген жағдайда 15 күнде жауап беріледі, ал тексеру жүргізіліп немесе өзге мекемелерге сұрау хаттар жолданған жағдайда 30 күнде жауап беріледі;
Қосымша тексеру немесе зерделеу қажет болған жағдайда өтінішіңіздің қарау мерзiмi 30 күнге дейін ұзартылады;
ҚР Қылмыстық процестік Кодекстің 105 бабына сәйкес тергеушінің (анықтаушының) шешiмдерiне шағымдар прокурорға берiліп, прокурормен 7 күннің iшiнде қаралып, қосымша тексеру жүргізілсе өтініштің қарау мерзімі 15 күнге дейін ұзартылады;
Ұстап алу, тiнту, алу, мүлікке тыйым салу, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, лауазымынан шеттету, азаптау, зорлық-зомбылықты қолдану, қорқыту немесе қорғалу құқығын бұзу туралы шағымдар 3 тәулiкте қаралады;
Сіз ҚР Қылмыстық процестік Кодекстің 106 бабына сәйкес прокурордың, тергеушінің (анықтаушының) шешімімен келіспесеңіз сотқа жүгінуге құқылысыз;
Сіз өтінішті электрондық порталдар арқылы жолдағыңыз келсе, міндетті түрде электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануыңыз қажет.
Өтiнiш берген кезде сіздің келесідей құқықтарыңыз бар:
Сіз өтiнiште көрсеткен уәждеріңізді растау үшiн қосымша құжаттарды беруге немесе оларды талап етуге;
өтiнiштi қарайтын адамға өз дәлелдерiңізді түсiндiруге;
өтiнiшiңізді қарауға байланысты құжаттармен танысуға және өтiнiштi қарауға қатысуға;
қабылданған шешiм туралы жазбаша немесе ауызша нысанда дәлелдi жауап алуға;
егер өтінішті қарау нәтижесімен Сізге залал келтірілсе, оның өтелуін талап етуге;
лауазымды тұлғалардың өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым жасауға;
ҚР Салық кодексінде көзделген жағдайлардан басқа, өтiнiштi қарауды тоқтату туралы өтiнiшхат беруге;
Егер Сіз берілген жауаппен келіспеген жағдайда қорғаушының көмегі арқылы жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануыңызға.
ҚР Бас прокурордың блогына сұрақ қоюдың тәртібі:
https://prokuror.gov.kz интернет сайтына кіру қажет;
“ҚР Бас Прокурорының блогы” деректемесіне өтіп, “сұрақ-жауап” “сұрақ қою” таңдау керек;
Жауап алуды тездету үшін сұрақты қысқа әрі нақты қоюды сұраймыз..
Сұрақ қоюдан бұрын блог материалдарынан оған жауап іздеп көріңіз.
Блог қызметін пайдалану үшін Сізге Келісімді қабылдау қажет болады.
Құрамында балағат сөздері бар сұрақтар, мәтіні оқылмайтын және түсініксіз қысқарулары бар сұрақтар және сұрақ жолданған адамның құзыретіне жатпайтын мәселені көрсететін сұрақтар қарауға жатпайды.
Прокуратура органдарына электрондық өтініш берудің тәртібі:
Электрондық цирфлық қолтаңба алуыңыз қажет;
ҚР Бас Прокуратураның «115» сервиснде тіркелуіңіз қажет;
Өтініш жасап, барлық тиісті мәліметтерді енгізу қажет;
Электрондық цирфлық қолтаңба арқылы қол қою қажет;
Қол қойған соң өтінішіңіз сақталып, тиісті мекемеге жолданатын болады.
Электрондық өтінішке жауапты қашан аласыз?
Орындалуға түскен соң өтініштің статусы өзгеріп, «Қарау тарихы» бөлігінде өтініштің қарау мерзімі көрсетіледі.
Өтінішіңіз бойынша берілген жауапты қалай көре аласыз?
Жауап түскен соң, Сіздің электрондық мекен-жайыңызға өтініштің қаралғаны туралы хабарлама түседі.
Егер өтінішіңіздің статусы «өңделу аяқталды» деп шыққан соң, «өтінішке берілген жауап» деректемесін ашып, жаапты аласыз.
Иесi бүркемеленген өтiнiшті қарау тәртібі:
авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң почталық мекен-жайы жоқ иесi бүркемеленген өтiнiш қарауға жатпайды;
иесi бүркемеленген өтiнiш тек қана онда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайда ғана қаралуға жатады.
«Шағымдану тәртібі» Аудан прокурорының жеке қабылдауына жазылу тәртібі:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран» орденімен марапатталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар тұлғалар кезектен тыс қабылданады;
жеке қабылдау кезінде жеке басын куәландыратын, ал басқа тұлғалардың (жеке және заңды тұлғалар) атынан жүгінген кезде - олардың мүдделеріне өкілдік етуді растайтын құжаттарды (сенімхат) көрсетуіңіз қажет;
Аудандық прокурорлар және олардың орынбасарлары жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын бекітілген кестеге сәйкес күн сайын жүргізеді,
Аудандық прокурорлар және олардың орынбасарлары сол мәселе бойынша өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы жауабы бар тұлға қабылдауға жатпайды.
Облыс прокурорының жеке қабылдауына жазылу тәртібі:
жеке қабылдау, аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларды қоспағанда, алдын ала жазу бойынша жүзеге асырылады;
Жеке қабылдауға телефон арқылы жазылуға жол берілмейді;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран» орденімен марапатталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар тұлғалар кезектен тыс қабылданады;
Жеке қабылдау кезінде жеке басын куәландыратын, ал басқа тұлғалардың (жеке және заңды тұлғалар) атынан жүгінген кезде - олардың мүдделеріне өкілдік етуді растайтын құжаттарды (сенімхат) көрсетуіңіз қажет;
Жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес кемінде аптасына бір рет жүргізеді;
Облыс прокуроры ол мәселе бойынша өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы оның орынбасарының жауабымен келіспеген жағдайда, сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтініштер бойынша,сондай-ақ облыстық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым түскен жағдайда жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын жүргізеді;
Жеке қабылдауына сол мәселе бойынша облыс прокурорымен және оның орынбасарымен бұрын қабылданған және сол мәселе бойынша өтінішіне жауабы бар тұлғалар жазылуға жатпайды;
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін облыс прокурорының және оның орынбасарларының жеке қабылдауына алдын ала жазылу мереке, демалыс күндерінен басқа, күн сайын жүргізіледі және қабылдаудың басталуына дейін бір күн бұрын аяқталады.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың орынбасарларының жеке қабылдауына жазылу тәртібі:
Жеке қабылдау, аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларды қоспағанда, алдын ала жазу бойынша жүзеге асырылады;
Жеке қабылдауға телефон арқылы жазылуға жол берілмейді;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран» орденімен марапатталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар тұлғалар кезектен тыс қабылданады;
Жеке қабылдау кезінде жеке басын куәландыратын, ал басқа тұлғалардың (жеке және заңды тұлғалар) атынан жүгінген кезде - олардың мүдделеріне өкілдік етуді растайтын құжаттарды (сенімхат) көрсетуіңіз қажет;
Жеке қабылдауды айына бір реттен кем емес, бекітілген кестеге сәйкес жүргізеді;
Жеке қабылдауын өтініш беруші келіспеген сол мәселе бойынша облыс прокурорының өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы жауабы болған жағдайда, сот актілеріне қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініштер бойынша, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген шағымдар бойынша жүргізеді;
Жеке қабылдауға сол мәселе бойынша Бас Прокурормен немесе оның орынбасарымен бұрын қабылданған, Бас Прокурордың немесе оның міндетін атқарған тұлғаның, сондай-ақ Бас Прокурордың орынбасарының сол мәселе бойынша өтінішіне жауабы бар және сот актілеріне қадағалау наразылығын келтіру мерзімін өткізіп алған тұлғалар жазылуға жатпайды;
Жеке қабылдауға алдын ала жазылу мереке, демалыс күндерінен басқа, күн сайын жүргізіледі және қабылдау басталуына дейін үш күн бұрын аяқталады.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың жеке қабылдауына жазылу тәртібі:
Жеке қабылдау, аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларды қоспағанда, алдын ала жазу бойынша жүзеге асырылады;
Жеке қабылдауға телефон арқылы жазылуға жол берілмейді;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран» орденімен марапатталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар тұлғалар кезектен тыс қабылданады;
Жеке қабылдау кезінде жеке басын куәландыратын құжаттарды (төлқұжат,сенімхат) көрсетуіңіз қажет;
Бас Прокурордың жеке қабылдауды айына бір реттен кем емес, бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі;
Бас Прокурор орынбасарының өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы жауабымен келіспеген жағдайда Бас Прокурордың жеке қабылдауына жазылады;
Бас Прокурордың жеке қабылдауына сол мәселе бойынша Бас Прокурор бұрын қабылдаған, Бас Прокурордың сол мәселе бойынша өтінішіне жауабы бар және сот
актілеріне қадағалау наразылығын келтіру мерзімін өткізіп алған тұлғалар жазылуға жатпайды;
Бас Прокурордың жеке қабылдауына алдын ала жазылу мереке, демалыс күндерінен басқа, күн сайын жүргізіледі және қабылдау басталуына дейін үш күн бұрын аяқталады.
Фото: www.inform.kz