Шымкентте ҚР Конституциясы күніне орай жаңа балабақша ашылды
Бүгін Шымкентте "Балапан" бағдарламасы аясында салынған 180 орындық балабақша пайдалануға берілді. ҚР конституциясы күніне орай бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан "Айсұлу" балабақшасының ашылу салтанатына қала әкімі Ғ.Әбдірахымов қатысты. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Мектепке дейінгі мекеме оқу - ісін қазақ, ағылшын, орыс тілінде жүргізеді. Әсіресе балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін пәндердің және ойындардың көп болатыны көңіл көншітеді. Мұнда жасөскіндердің денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесі, психологиялық ерекшеліктеріне қарай көмек беретін психолог ұстаздар бөлмесі, асхана, ойын бөлмесі, музыка және спорт залы, жас ерекшеліктеріне сай дайындалған ойын алаңшалары, жазғы бассейіндер бар.
Айта кететін тағы бір жайт, тәрбиешілер балаларға үш тілде, ойын ретінде сабақтар өткізеді. Тақпақ пен өлеңдер жаттатады. Оған қоса, санамақ, жұмбақ пен жаңылтпаштарды қоса үйретеді.
Жаңа балабақша заман талабына сай жабдықталған.
Әлеуметтік нысан көптің көңілінен шықты. Әсіресе ата-аналар жағы ерекше ризашылығын білдірді.
Фото: ontustik.gov.kz