Лента новостей
0

Қарағандыда Чернобыль қаһармандарына ескерткіш орнатылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.08.2016 18:30 Zakon.kz
Ақпан айында «Облыстық Чернобыль ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері облыс әкіміне хабарласып,Чернобыль қаһармандарына ескерткіш орнатуға өтініш жасаған болатын.Ескерткіштің авторы–И.Баграмов.

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Чернобыль ескерткішінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бүгін қаламызда Чернобыль Атом Электр станциясындағы апатты жоюға қатысқандарға арнап ескерткіш белгі ашып отырмыз. Чернобыль ауқымы жағынан ең үлкен радиациялық апат алып келді. 30 жыл бұрын орны толмас қайғыны бастан кештік. Сол уақытта еліміздегі бүкіл ұлттың өкілдері бас көтеріп, апатты жоюға бір кісідей атсалысты. Украина халқын құтқару жолында бауырлас мемлекеттің өкілдері радиациядан да, оның салдарынан да қорыққан жоқ. Бүгін біз олардың ерлігіне бас иеміз. Біз, сол қаһармандардың ұрпағы, бауырлары оларды мақтан тұтамыз, олардың ерлігі мәңгі жадымызда және біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтегендей оларға да құрмет көрсетеміз», - дейді өңір басшысы.

Айта кетейік, ақпан айында «Облыстық Чернобыль ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері облыс әкіміне хабарласып, Чернобыль қаһармандарына ескерткіш орнатуға өтініш жасаған болатын. Ескерткіштің авторы – Игорь Баграмов.

Фото: www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: