Лента новостей
0

500-ге жуық ұлан «Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінің тәрбиеленушілері атанды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 31.08.2016 22:11 Zakon.kz
Биылғы жылы Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы «Жас ұлан» төрт республикалық әскери мектебіне 497 ұлан оқуға түсті.

Республикалық әскери мектеп-интернаттарда тәрбиеленушілерді оқуға іріктеу аяқталды. Әскери болуды армандайтын Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жасөспірімдер конкурстық іріктеуден өтті. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Биылғы жылы Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы «Жас ұлан» төрт республикалық әскери мектебіне 497 ұлан оқуға түсті. Бозбалаларға психологиялық тестілеуден, дене даярлығынан, медициналық куәландырудан және т.б. өтуге тура келді. 2015 жылдан бастап мектепке 9-сыныптан кейін қабылдайды. Оқыту бағдарламасына мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді оқу және күшейтілген дене дайындығы кіреді. Мектептің біршама түлектері офицер атанып, қазіргі кезде Қазақстанның Қарулы Күштерінде және өзге де әлеуетті құрылымдарда қызмет атқаруда.

Жыл сайын еліміздің барлық аймағынан «Жас ұлан» республикалық әскери мектептеріне 70-тен бастап 100 балаға дейін оқуға түседі. Жасұландықтардың дайындық деңгейі жыл сайын өсіп келеді. Оқыту үдерісінің іс жүзіндегі маңыздылығы жоғарлады, тәрбиеленушілердің зияткерлік тұрғыда дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Барлық оқу-тәрбие процесі баланың кішкентай кезінен бастап өз Отанына адал болуына, оны сүюге және ұлтжанды болуына баулуға бағытталған.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: