Лента новостей
0

Екібастұзда жылу жүйелерінің 75 пайызы тозған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.09.2016 16:27 Zakon.kz
Чалбышев көшесінде 200 миллион теңгеге 590 метр жылу трассасы қайта жөндеуден өтіп жатыр.

Екібастұзда жылу жүйелерінің 75 пайызы тозған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен моноқалаларды дамыту жөнінде отырыста Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов мәлім етті.

- Қаладағы жылу жүйесінің жалпы ұзындығы 342,3 километр. Оның 75 пайызы немесе 256,7 километрі тозған. Бүгінгі күні орам ішіндегі және торап жүйелері күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл шараға 230 миллион теңге бөлінген. Осылайша жылу жүйесінің тозуын 69 пайызға дейін қысқартамыз, - деді Қайрат Нүкенов.

Бұдан басқа, Чалбышев көшесінде 200 миллион теңгеге 590 метр жылу трассасы қайта жөндеуден өтіп жатыр. Сонымен қатар, 2017 жылы инвестициялық бағдарлама аясында Қонаев көшесінде 428,9 миллион теңгеге, Пшембаев көшесінде бір учаскі 329,7 миллион теңгеге және екінші учаскі 704,8 миллион теңгеге жылу құбырларының торабы жөнделеді.

Назым Қарабаева

Фото: Рavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: