Лента новостей
0

Павлодарлық жігіт жаңадан салынатын үйдің қоршауларын ұрлап кеткен

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.09.2016 16:54 Zakon.kz
Жаңа қоршаудың ұзындығы - 492 метр. 29 жастағы ер азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабы бірінші тармағы «Ұрлық» және 24 бабы «Ұрлық жасауға әрекет ету» бойынша іс қозғалды.

29 жастағы павлодарлық жігіт «Достық» мөлтек ауданында салынатын жаңа көпқабатты үйдің құбырлары мен қоршауларын қолды еткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Жас жігіт «Достық» мөлтек ауданына түнгі уақытта өз көлігімен келген.

- Белгісіз біреу құбырларды алып кетті. Сондай-ақ, қымбат шатырларын қолды қылмақ болды. Құрылыс жұмыстары Камзин-Ладожская көшелерінің қиылысында жүргізілу керек болатын. Ұры сол жердегі құрылыс материалдарына көз тіккен, - деді қала әкімдігіне қарасты тұрғын үй коммуналдық шаруашылық автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Закарья Сұлтанғазинов.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекованың айтуынша, ұрлық кезінде жергілікті полиция қызметкерлері дер кезінде әрекет еткен. Павлодар қалалық ІІБ-нің жол-патрульдің қызметінің 644 батальоны күдіктіні ізін суытпай ұстады. - «ВАЗ-2170» автокөлігімен 20 құбырды тасып жатқан кезінде қала тұрғыны ұсталды. Уақытында жедел әрекет жасаған тәртіп сақшыларына алғыс білдіреміз, - деді Салтанат Әкімбекова.

Айта кетерлігі, жаңа қоршаудың ұзындығы - 492 метр. 29 жастағы ер азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабы бірінші тармағы «Ұрлық» және 24 бабы «Ұрлық жасауға әрекет ету» бойынша іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша шығын 350 мың теңгені құрайды.

Бейбіт Құрметбекұлы

Фото: Рavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: