Лента новостей
0

Қостанайда зейнеткер бірге тұрған әйелін өлтіргені үшін 8 жылға сотталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.09.2016 20:24 Zakon.kz
Қайғылы жағдай 21 маусымда Наурызым ауданы Буревестник ауылында орын алды, Қалиев мас күйінде 53 жастағы көңілдесімен ұрысып қалады.

Қостанай облысы Наурызым аудандық соты дәрменсіз жағдайда жатқан адамға қатысты қасақана денсаулығына ауыр зиян келтіргені туралы қылмыстық іс бойынша айыпты деп танылған 76 жастағы Мұрат Қалиевке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Қайғылы жағдай 21 маусымда Наурызым ауданы Буревестник ауылында орын алды, Қалиев мас күйінде 53 жастағы көңілдесімен ұрысып қалады.

«Жанжал барысында Қалиев жәбірленушінің оң қолына, ішіне екі рет күрекпен дене жарақатын салады, соққы салдарынан әйел кіреберіс жерге құлап қалады, деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен. - жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланған ол оны аяғынан сүйреп, далаға шығарып тастап, үйдің алдына қалдырып кетеді».

Қалиевтің қылмыстық әрекеті салдарынан жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, ол алынған ауыр жарақатының салдарынан қаза тапты.

Сот үкімімен қылмыскерге жрлпы режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтей отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: www.trend.az

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: