Газға уланған үш павлодарлық ауруханаға жеткізілді
Бүгін таңертең иіс газымен уланған үш павлодарлық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
ТЖД-нің баспасөз қызметінде мәлім еткендей кезекшінің тетігіне сағат 6.45-те қоңырау шалынды. Белгілі болғандай, Жетекші кентінде Сәтбаев көшесі, 47 мекенжайы бойынша пештің ақаулығының салдарынан үш адам иіс газімен уланып қалған. Зардап шеккендер №1 ауруханаға жеткізілді.
- 1950-ші және 1981-ші жылы туған ер адамдар және 64 жастағы әйел терапия бөліміне жатқызылды. Бүгінгі күні олардың жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалайды. Науқастар ауруханада жеті күн ем алады, - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.
Назым Қарабаева
Фото: Рavlodarnews.kz