Лента новостей
0

«Оңтүстік» ИА кәсіпорындары 77,84 млрд. теңгенің өнімін өндірген

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.09.2016 15:06 Zakon.kz
Екі жыл ішінде, ашылған 108 жоба шеңберінде облысымызда 8079 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 151,8 млрд. теңге инвестиция экономика айналымына тартылады деп күтілуде.

«Оңтүстік» иа кәсіпорындары 77,84 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Бұл туралы бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Оңтүстік» индустриалды аймақ дерекциясының директоры Мұхтар Тұрабеков мәлім етті. Оның айтуынша, 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында мұндағы жалпы өндіріс көлемі 10,1 млрд. теңге қаржыны құрап, ондағы кәсіпорындардың бюджетке келтірген пайдасының жалпы сомасы 740 млн. теңге болған. Ал индустриалды аймақ ашылған 6 жылда «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорындар 77,84 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, мемлекет қазынасына қосқан үлесі 5,3 млрд. теңгені құраған. «Басқарушы компанияның 2016 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша электр қуаты, су сату және инженерлік қызмет атқылы 34,4 млн. теңге пайда тауып, оның өткен 2015 жылмен салыстырғанда 68 пайызға өсті», - деді М.Тұрабеков. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз жиынында индустриалды аймақ басшысы облыстағы барлық индустриалды аймақтарда құны 186 млрд. теңгені құрайтын 160 инвестициялық жобаның 11976 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бергенін айтып, оның ішінде, 80 жоба облысымыздың аудандары мен қалаларында орналасқанын жеткізді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымызда 160 жобаның 52-уі жүзеге асқан болса («Оңтүстік» ИА-да 39 жоба және аудандарда 13 жоба), қалған 108 жоба алдағы екі жыл ішінде іске қосылмақ.

Осы жылдың соңына дейін 24 жобаны іске қосу жоспарланса («Оңтүстік» ИА-да 17 жоба, қалалар және аудандарда 7 жоба), 2017 жылы – 84 жобаны («Оңтүстік» ИА-да 24 жоба, қалалар және аудандарда 60 жоба) жүзеге асыру көзделуде.

Осылайша, екі жыл ішінде, ашылған 108 жоба шеңберінде облысымызда 8079 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 151,8 млрд. теңге инвестиция экономика айналымына тартылады деп күтілуде.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: