ОҚО-да жаяу жүргіншілер қатарына 500-ден аса оқушы қосылды
ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Назар аударыңыз, балалар!» жедел іс-шарасы барысында №55 орта мектебінде «Бірінші сынып жаяу жүргіншілеріне арналған» акциясын өткізді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Полицейлер балаларға оқу жылы барысында аса маңызды және қажет болатын жол белгілерімен таныстырды. Оқытылған теориялық оқушыларды практика жүзінде көрсету үшін жол қиылысына алып барды. Сонымен, жаяу жүргіншілер қатарына 500-ден аса оқушы қосылды.
Нақ осы күні оқушыларға «Жолдос көмекке асығуда» мультфильмі көрсетіліп, әрбір жаяу жүргінші балақайларға естеліктер мен фильм дискілері таратылды.
Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында жаяу жүргінші балалардың қатысуымен 246 жол көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде 22 бала қаза болса, 241 жарақат алған.
Мұндай акцияларды өткізуді жергілікті полиция қызметкерлері алдағы уақытта дәстүрге айналдырмақшы. Әсіресе мектепке барып балалармен жеке жүздескенді қалайды. Балаларға жол жүру ережелерін тек дәптер, болмаса суреттер арқылы үйретіп қана қоймай, қала көшелеріне бірге алып шығып, ісжүзінде үйреткен әлде қайда тиімді деп санайды полиция қызметкерлері.
Фото: ontustik.gov.kz