Лента новостей
0

ТМД елдерінің прокурорлары лаңкестік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді талқылайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.09.2016 22:31 Zakon.kz
ТМД елдерінің бас прокурорлары үйлестіру кеңесі 7 қыркүйек күні Минскіде өтіп жатыр

Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің бас прокурорлары және ТМД Атқару комитетінің, ТМД елдерінің бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің хатшылығы өкілдері кеңестің 26-шы отырысына қатысуда, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

ТМД елдерінің бас прокурорлары үйлестіру кеңесі 7 қыркүйек күні Минскіде өтіп жатыр, деп хабарлады БЕЛТА.

Қатысушылар құқықтық тәртіп және заңдылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды. Отырыстың күн тәртібінде Әзербайжан бас прокуратурасының лаңкестікпен күрес бойынша тәжірибесі, экономикалық қылмыстарды тергеудегі Армения прокуратура органдарының қадағалау қызметі, Беларусьтың экономикалық қылмыспен күрестегі тәжірибесі талқылануда.

Сонымен бірге, Қырғызстандағы азаматтардың биометрикалық мәліметтерін пайдалану арқылы сайлау өткізу кезінде заңдылықты қамтамасыз ету және Ресейдегі сот жүргізу ісінің сотқа дейінгі кезеңінде кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жұмыстарын талқылау жоспарлануда.

Фото: www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: