ОҚО-да «тамақ өнеркәсібі» - аgroprom shymkent 2016 көрмесі өтті
Zakon.kz
Көрмеде азық-түлік және сусын түрлерін, оларды шығаруға арналған жабдықтар мен технологияларды, ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар мен жабдықтарды ұсынылды.
Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібіне жаңа серпіліс беретін «Тамақ өнеркәсібі» - Аgroprom Shymkent 2016 көрмесі өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев, ОҚО кәсіпкерік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы М. Қарабаев және Жамбыл облысынан келген қонақтар қатысты, деп жазады zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Көрмеде азық-түлік және сусын түрлерін, оларды шығаруға арналған жабдықтар мен технологияларды, ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар мен жабдықтарды ұсынылды. “AgroProm Shymkent 2016” көрмесінің аясында толыққанды іскерлік бағдарламалар қарастырылды.
Атап айтқанда шара кезінде «Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібін дамыту: үрдістері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ, Оңтүстік өңірі мен Жамбыл облысының арасында кооперацияны дамыту аясында меморандумға қол қойылды.
Айта өту керек, жыл басынан бері Оңтүстік өңірінде тамақ өнеркәсібіне 3 млрд. теңгеден астам инвестиция салынған. Дәл осы көрсеткіш жыл соңына дейін еселене түседі деген жоспар бар. Мәселен, таяуда Қазығұрт ауданында “Lotus Food Company LLC” ЖШС тез дайындалатын кеспе жобасы жүзеге асырылды. Дәл осы жобаға 471 млн. теңге көлемінде инвестиция салынған.
Фото: ontustik.gov.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript