Павлодар облысында 43 жастағы балықшы Ертіс өзеніне батып кетті
Zakon.kz
Қайғылы оқиға шамамен сағат 17.40-та орын алған.
Павлодар қаласына іргелес жатқан Долгое ауылынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы ұсынған мәліметке сүйенсек, 43 жастағы ер адам Ертіс өзенінде балық аулап отырған сәтінде қайығы аударылып қалған.
Қайғылы оқиға шамамен сағат 17.40-та орын алған. Сағат 22.20-да ТЖД жедел құтқару жасағынан бір техника мен үш адам жұмылдырылып, марқұмның денесі жағаға шығарылған.
Ақбота Сейсенбаева
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript