Қазақстан мен Сербия салық салудан жалтаруға жол бермейтін болады
Zakon.kz
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.
Аталған Хаттамаға 2015 жылы 28 тамызда Астана қаласында қол қойылған болатын. Конвенцияның мақсаты инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен Қазақстан мен Сербия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Бұл ретте құжат заңды және жеке тұлғалардың табыстарына қосарланған салық салуды болдырмауды көздейді. «Құжат бойынша салық төлеушіге бір рет, осы екі мемлекеттің бірінде ғана салық салынатыны қарастырылады. Екіншіден, заң жобасымен инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар қарастырылатын болады. Сонымен қатар, ақпараттар алмаса отырып, Қазақстан мен Сербия салықтан жалтаруды болдырмайтын болады», деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Мәжілістегі баяндамасында.
Оның айтуынша, құжат бойынша екі мемлекет бір-бірінде қызметтерін жүзеге асыратын әртістер мен спортшылардың, мемлекеттік қызметкерлердің, студенттер мен оқытушылардың, зерттеушілердің табыстары мен өзге де төлемдеріне салық салудың нақты тәртібі бекітіледі.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.
Фото: www.inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript