Лента новостей
0

ҚР Қарулы Күштері жүк көтерімділігі үлкен әскери-көлік ұшақтарын сатып алады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.09.2016 23:07 Zakon.kz
ҚР Қарулы Күштерінде жалпы мемлекеттік мұқтаждықтар үшін ресейлік өндірістің жүк көтерімділігі үлкен екі әскери-көлік ұшағын сатып алуды жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда өндіруші зауыт өкілдерімен сатып алынуға жоспарланып отырған ұшақтардың техникалық конфигурацияларын айқындау мәселелері, сондай-ақ, оларды жеткізудің болжалды мерзімдері бойынша келіссөздер өткізілді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

Қазіргі уақытта «Қазарнаулыэскпорт» РМК-мен Ил-76МД-90А әскери-көлік ұшақтарын жеткізуге келісімшарт жобасын келісу жөнінде ресей тарапының өкілдерімен келіссөздер жүргізілуде. Ил-76МД-90А өзін жақсы жағынан танытқан Ил-76 терең түрде жаңартылған версиясы болып табылады.

Жаңа пилотаждық-навигациялық кешен, автоматты түрде басқару жүйесі, байланыс кешені мен «әйнекті» кабина әуе кемелері авионикасының барлық қазіргі заманғы талаптарына сай келеді және ұшулар қауіпсіздігін, ұшақты тізгіндеу мен десанттау нақтылығын анағұрлым ұлғайтады.

Д-30КП2 штаттық қозғалтқыштарын анағұрлым заманауи ПС-90А-76 алмастыру, модификацияланған қанат пен күшейтілген шассиді орнату әуе кемесінің пайдалану мүмкіншіліктерін едәуір кеңейтеді.

www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: