Кентауда кен өндіру саласы қайта қолға алынбақ
Zakon.kz
Тау-кен металлургия кешені – бұл Қазақстан өнеркәсібінің барынша бәсекеге қабілетті және серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі. Онда негізгі кәсіптегі 164,5 мың адам жұмыспен қамтылған.
Өңір басшысы Б.Атамқұлов жұмыс сапарымен Кентау қаласына қарасты кеншілер ауылы Ащысайда болып, денсаулық сақтау, білім жəне мəдениет сынды бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Сапар қорытындысы бойынша, облыс әкімі тұралап қалған кен өндіру өндірісін қайта жандандыру мүмкіндігін қарастырып, кеншілерді жұмыспен қамтамасыз етуді және шағын және орта бизнесті дамытуды Кентау қаласының басшылығы мен əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясына тапсырды.
Тау-кен металлургия кешені – бұл Қазақстан өнеркәсібінің барынша бәсекеге қабілетті және серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі. Онда негізгі кәсіптегі 164,5 мың адам жұмыспен қамтылған. Қазақстанда хром кенінің әлемдік қорының 30%-ы, марганец кенінің - 25%-ы, темір кенінің -10%-ы шоғырланған. Мыс, қорғасын және мырыш қоры әлемдік қордың тиісінше 10% және 13%-ын құрайды.
Қазақстан Республикасының жалпы геологиялық көмір қоры мен болжамды ресурстары 150 млрд. тоннаға бағаланады. Осылайша Қазақстан мырыш, вольфрам, және бариттің барланған қоры бойынша бірінші орынды, күміс, қорғасын, хромиттер мен уран бойынша – екінші, мыс бойынша – үшінші, молибден бойынша – төртінші, кобальт бойынша – бесінші, алтын мен көмір бойынша алтыншы, алтын бойынша – жетінші орынды иемденеді. Менделеев кестесінің 105 элементі ішінде Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент анықталған, 70 элемент бойынша қорлары барланған, 60-тан астам элемент өндіріледі.
Фото: economics.kazgazeta.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript