Лента новостей
0

Семейде битті кетіру үшін қызының басына қытайлық дәріні сепкен ана баласын өлтіріп алды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.09.2016 18:23 Zakon.kz
Дәрігерлер жеткенше комаға түсіп қалған қызды құтқару мүмкін болмады. Тіпті жансақтау бөлімінде жасалған шаралардың пайдасы тимеген.
Семейде битке қарсы препараттан 8 жасар қыз көз жұмды. Оның шашындағы паразиттердің көзін жоймақ болған анасы Қытайдың уыттылығы жоғары диазинон деген дәрісін сепкен екен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бала содан бірер минуттан кейін есінен танып құлаған. Оқыс оқиғадан есі шығып кеткен әйел жедел жәрдем шақырудың орнына, таныстарына хабарласып уақыт жоғалтыпты.

Дәрігерлер жеткенше комаға түсіп қалған қызды құтқару мүмкін болмады. Тіпті жансақтау бөлімінде жасалған шаралардың пайдасы тимеген. Өйткені, диазинон уыттылығы жағынан екінші санатқа жатады екен. Сондықтан адамдарға қолдануға болмайтын түрі болып шыққан.

Мамандар оны малдың өзіне пайдаланар алдында қажетті мөлшерде су араластыру керек, дейді.

Өкінішке қарай, шешесі дәрінің сыртындағы анықтаманы оқымаған сыңайлы, «Бұл препаратты ветеринарлық дәріханаларда сатады. Ал оны баланың шашына сепкен уақытта ауыр аллергиялық реакция пайда болған. Сондықтан қуаты жоғары диазинон жәндіктердің ғана емес, қыздың да өліп кетуіне себеп болды. Негізі, оны кенелер мен басқа да зинянкестерді улау үшін ғана қолдану керек», - дейді Семей қалалық жедел жәрдем станциясының дәрігері Балжан Әлмағамбетова.

Фото: ros-spravka.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: