Лента новостей
0

Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 7 азамат жауапкершілікке тартылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.09.2016 19:11 Zakon.kz
Аталған 7 азаматқа Құрманғазы көшесі №98 және Әлшекей көшесі нөмірсіз үйден тұрғын жай берілгені белгілі болды.
Жаңақорған аудандық прокуратурасы елімізде шетел азаматтарының болуы ережелерiнiң сақталуына қадағалауды жүзеге асыру мақсатында аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясы тобымен бірлесе отырып рейд жүргізіп, заңдылықты бұзушылықтарды анықтады деп мәлімдеді Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз-хатшысы Сейіл Ботакөз. Бұл туралы zakon.kz Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» заңына сәйкес, көшіп келушілер елімізге келудің, кетудің және онда болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті екендігі көрсетілген.

Рейдтік тексеру жүргізу барысында Тәжікстан, Өзбекстан Республикасының барлығы 7 азаматының заңнамада белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей жүргендігі анықталды.

Сонымен қатар, аталған 7 азаматқа Құрманғазы көшесі №98 және Әлшекей көшесі нөмірсіз үйден тұрғын жай берілгені белгілі болды.

09.08.2016 жылы аудандық прокуратурамен аудандық ішкі істер бөліміне орын алған заңдылықты бұзушылықтарды жою, жоғарыда аталған шетел азаматтарының және халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, тұрғын жай бергені үшін үй егелеріне қатысты әкімшілік іс қозғау мәселесін шешу туралы ұсыныс енгізілді.

16.08.2016 жылы ұсынысты қарау нәтижесімен әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабына сәйкес, шетел азаматтары «ескерту» жазасына тартылса, тұрғын жай бергені үшін Н.Аширов пен С.Оспановаға әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, айыппұлдары мемлекет пайдасына өндірілді.

Фото: today.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: