Ертіс ауданында 61 жастағы ер адамның мүрдесі табылды
Zakon.kz
Марқұмның денесі 16-қыркүйек күні түстен кейін оқиға орнынан бес шақырым қашықтықта өзеннің төменгі ағысында анықталған.
Ертіс ауданының Северное ауылында 10-қыркүйек күні 61 жастағы ер адам Орловка өзеніне батып кеткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының мәліметінше, марқұмның денесі 16-қыркүйек күні түстен кейін оқиға орнынан бес шақырым қашықтықта өзеннің төменгі ағысында анықталған.
- Ол шомылуға арналмаған орында белгісіз жағдайда көз жұмған. Ер адамды іздестіруге ТЖД жедел құтқару қызметінен екі адам мен бір техника бірлігі жұмылдырылды, - дейді баспасөз қызметінде.
Еске сала кетейік, өткен аптада Павлодар қаласына іргелес жатқан Долгое ауылынан ер адамның мүрдесі табылған. 43 жастағы тұрғын Ертіс өзенінде балық аулап отырған сәтінде қайығы аударылып қалған.
Ақбота Сейсенбаева
Фото. pavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript