Теміртауда студенттер қыз үшін бірін-бірі пышақтады
Zakon.kz
Болжам бойынша, студенттер арасындағы төбелес қыз үшін басталған. Әзірге оқу мекемесінің ұстаздары бұл жайтқа қатысты түсініктеме бермей отыр.
Теміртауда ҚМИУ техникалық колледжінің аумағында жаппай төбелес болып, жеті студент ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BNews.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, пышақ жарақатын алған жеті жігіт ауруханаға 17 қыркүйек күні кешке түскен. Олардың үшеуі медициналық көмектен кейін үйлеріне қайтты. Төртеуі ауруханаға жатқызылды.
«Жаппай төбелес салдарынан жеті адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Төртеуін жатқыздық, үшеуі хирургия, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Абырой болғанда, ішкі органдарына зақым келмеген. Барлығының жағдайы орташа. Жансақтауға түскен жігітке ота жасалды, қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Студенттер аурухана қабырғасында ең кемі бір апта болады», - дейді Теміртау ауруханасы ауруларды қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Данияр Көжебаев.
Ол жас жігіттердің барлығы Оңтүстік Қазақстаннан келгенін атап өтті. Студенттер техникалық колледждің жатақханасында тұрады екен.
«Бұзақылық фактісіне қатысты ҚР ҚК 293-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның жай-жапсары анықталуда. Криминалды полиция қызметкерлері екі азаматты ұстады, қазір олар уақытша ұстау абақтысында. Сондай-ақ тағы бірнеше адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жастар қыз үшін жаға жыртысқан», - дейді Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Болжам бойынша, студенттер арасындағы төбелес қыз үшін басталған. Әзірге оқу мекемесінің ұстаздары бұл жайтқа қатысты түсініктеме бермей отыр.
Фото: www.penzagkb.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript