Лента новостей
0

Павлодар облысында дәнді-дақылдың 80 пайызы жиналды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.09.2016 23:13 Zakon.kz
Шаруалар картоп алқаптарынан гектарына 250 центнерден, көкөніс алқаптарынан 270 центнерден өнім алып жатыр.
Павлодар облысында диқандар дәнді дақылдың 80 пайызын жинап үлгерген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің бас маманы Байболат Рахымжановтың айтуынша, қыркүйек айының соңына дейін қалған 20 пайыз бидай, арпа, қарақұмық, сұлы дақылдары орылады. Сондай-ақ, бүгінде картоптың 83 пайызы, көкөністің 68 пайызы жиналған.

- Егін алқабында жұмыс қауырт жүруде. Барлық аудандар үнемі біздің бақылауымызда. Биыл жаңбыр мол, өнімділік жақсы. Шаруалар картоп алқаптарынан гектарына 250 центнерден, көкөніс алқаптарынан 270 центнерден өнім алып жатыр. Облыс бойынша картоп және көкөніс бойынша Ақсу, Павлодар, Ақтоғай, Качир аудандарының шаруалары мол өнімге кенелуде. Сондықтан биыл азық-түліктің бұл түрлері бойынша тапшылық болмайды, - дейді Байболат Рахымжанов.

Тілеуберді Сахаба

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: